
Нұркент ауылының келешегі зор
Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен салынған Нұркент ауылы іргетасының қаланғанына биыл бес жыл. Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округіндегі Нұркент ауылы «Қорғас Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына кіреді. Елді мекендегі 2100 тұрғыны үшін 640 орынды заманауи мектеп, 240 бүлдіршінге арналған балабақша, монша, сауда үйі мен мейрамхана жұмыс істейді.
Осы ретте, білім және ғылым қызметкерлерінің Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымына қарасты Панфилов аудандық комитетінің қызметкерлері шекараның маңындағыкелешегі зор әрі жас ауылдың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Пенжім ауылдық округінде болып қайтты.
«Ұжымдық шарт–әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер беру құралы» тақырыбында өткен кездесуге аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков және Пенжім орта мектебінің еңбек ұжымы қатысты.
Шараны аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы жүргізіп,мекеме басшысы мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық шарттың орындалу барысына тоқталды. Қоғамдық бірлестіктің төрағасыжалақымөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және жүктемені бөлу, жұмыстанбосатутәртібі,еңбекдемалысыныңұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек дауларын шешу тәртібі сынды мәселелер жайында сөз қозғады.
Келесі сөзді Пенжім орта мектебінің директоры Марат Жұмаханұлы алып, бүгінде өзі басшылық жасап келе жатқан мекеменің беталысын, жұмыс барысын, жеткен жетістігін жіпке тізгендей рет-ретімен айтып берді. «Білім беру мекемесіндегі541 оқушыға 46 ұстаз дәріс берсе, оның 41-і жоғары білімді. Тағы бір қуантарлық жаңалықжақын күндері 120 пәтердің кілті жан-жақтан келген көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына және жас мамандарға табысталады. Яғни, келешекте білім ошағында оқушылардың саны әлі де көбеймек», - деді мектеп директоры.
Кездесу барысында мектеп басшысы бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Самал Кенжебаеваның бала күтіміне байланысты демалысқа кетуіне орай бастауыш кәсіподақ төрайымын тағайындау қажеттігі туралы ұсыныс жасап, ұйым мүшелері дауыс беру арқылыорыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлнар Қырғабакованы бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымыетіпсайлады.
Жиын соңында Мақытбек Әділұлыжаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымынқұттықтап, кәсіподақ мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейтініне сенім білдіріп, тіршілігі қайнаған жаңа мектептің қабырғасында жүрген ұстаздар қауымының еңбектерінің жемісті болуын тіледі.
Маржан Жұмабек,Білім және ғылымқызметкерлері кәсіподағының
Талдықорған аумақтық ұйымы, Панфилов аудандық комитетінің маманы
-
Фотографии
-