
Бастауыш кәсіподақ ұйымына әдістемелік көмек көрсетілді
Көксу аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының желілік кестесіне сәйкес Жарлыөзек елді мекеніндегі "Балдәурен" балабақшасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының іс-құжаттарымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, ұжымды да, жұмыс берушіні де қорғайтын және кепілдік беретін құжат - ұжымдық келісім-шарттың орындалу барысымен танысты.
Жұмыс тобының құрамындағы №2 М.Құрманов атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Беркімбаева мен Бесқайнар орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Алтынай Есжанова әлеуметтік әріптестік комиссиясының жұмысына баға берді. Нәтижесінде комиссияның жұмысын жандандыру, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымы қаулыларын толық рәсімдеу, іс-қазағдарын жүргізу талаптарын орындау керектігі айтылды. Ұжым жұмысының тұрақтылығы келісім-шарт мазмұнының қаншалықты нақты және сапалы жасалуына байланысты екендігі түсіндірілді.
Қоғамдық бақылау барысында аудандық комитеттің сектор меңгерушісі Ногтева Татьяна жіберілген кемшіліктер бойынша акт толтырып, түзету үшін 15 күн уақыт берді.
Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Айта кететіні, Көксу ауданында 14 балабақша және 11 шағын орталық жұмыс жасайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы – 90 пайызды құрайды. «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында 10 тәрбиеші жұмыс жасайды, оның ішінде 6-і жоғары білімді, 4 –і арнаулы орта. Балабақшада 75 бала тәрбиеленуде.
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі