Еңбек қауіпсіздігі қашанда маңызды
Күнделікті уақыттарының басым бөлігін мектепте өткізетін мұғалімдер мен оқушылардың еңбек қауіпсіздігі әрдайым басты назарда. Өткен аптада Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Сарқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Мұқашев жоғарыда аталған мәселе бойынша Сарқан қаласы№1 мектеп гимназиясындағы пән кабинеттерінде: спортзал, физика, химия, биология, технология, мектеп дәлізіндегі шығу қауіпсіздігі тексерді.Аралау кезінде сабаққа пайдаланылатын оқу-құралдарының тиісті талапқа сай болуына, сынып бөлмелерінің жарықтануы мен жылылығына, желдетілуі мен тазалығына бір сөзбен айтқанда қауіпсіздік мәселесінің қатаң сақталуына баса назар аударылды. Сондай-ақ,орталық жылу жүйесіне қосылмаған мектептердің сұйық отынмен белгілі мерзімге қамтамасыз етілуі не де коңіл бөлінді. Соңында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Мұқашев мектептегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңеске жүктелер жауапкершілікті тағы бір ескертіп,жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берді.
С.Сүлейменова,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңСарқан аудандықкомитетінің бас маманы
-
Фотографии
-