
АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Өткен жұмада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының Атқару комитетінің кезекті отырысы кәсіподақ төрайымы Гүлсін Орынбаеваның төрағалығымен өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдары мен тікелей бағыныстағы құрылымдық бөлімше жетекшілері, аймақтық құқықтық инспекторлар қатысты.
Жиында бірқатар Филиалдардың құқықтық кәсіподақтық еңбек инспекторларының сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жұмысын ұйымдастыру жағдайы туралы мәселе қаралды. Бұл сұрақ бойынша Шу және Қордай аудандарының еңбек инспекторлары Бауыржан Алпысбаев пен Айда Бекмурзина, сондай-ақ, Біріккен комитет бағынысындағы кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жұмысы туралы Әлия Джолшибекова толымды ақпарат берді. Атқару комитеті сонымен бірге Кәсіподақтың Меркі аудандық ұйымының сала өкілдерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жұмысының жағдайы туралы және Кәсіподақтың Біріккен комитетінің сала өкілдерін кәсіподаққа мүшелікке ынталандыруды қамтамасыз ету жұмысы туралы есебін тыңдады. Алқалы жиында бұдан бөлек жоғары кәсіби білім беру орындарының студенттеріне 2017-2018 оқу жылына кәсіподақтық стипендия тағайындау мәселесі де қаралды.
Жиын соңында 2017 жылдың қорытындысы бойынша кәсіподақтық «Еңбекші» басылымына үздік жазылым ұйымдастырған Филиал басшыларын марапаттау рәсімі өтті.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-