Білім ошақтары жылу маусымына дайын
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков, атқару комитетінің мүшелері Қ.Шаяхметов пен Е.ЫбрайымжановтарКөктал ауылдық округіндегі бірқатар білім беру нысандарының қысқы маусымға дайындығымен танысты.Іс-шара2017-2018 жылдардыңжылыту маусымында балалардың толыққанды білім алуына, еңбек ұжымының қалыпты жағдайда жұмыс жасауы мақсатында жүргізілді.
Осы ретте, комиссия мүшелері бірінші болып Көктал елді мекеніндегі Көктал орта мектебінде болып, оқу орнының жағдайымен танысты. Жылдағы лимит бойынша қажетті көмір бөлінген және жеткізілген, жылыту қазандығы талапқа сай, мектеп терезелері жылыланған. Сонымен қатар, жұмыс тобы сынып бөлмелеріндегі ауа температурасы нормаға сай екендігіне көз жеткізіп, мектептің жылыту маусымына толықтай дайын екендігін көрді.
Комиссия мүшелері Жамбыл, Абай атындағы орта мектептерінде, «Балдырған» балабақшасында да болып қайтты. Рейд соңында жұмыс тобы аудандық комитетте бас қосып, Көктал ауылдық округіндегі білім ордаларының жылыту маусымына дайындығына жақсы баға берді және округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын назарға алды.АлПанфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы аталмыш маңызды мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізді.
Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының
баспасөз қызметі
-
Фотографии
-