
ЖАМБЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚАТАРЫ ТӨРТ ҮЗДІК ПЕДАГОГПЕН ТОЛЫҚТЫ
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген ұстаздарды анықтау мақсатында 2012 жылдан бері республикалық «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылып, өткізілуде. Осы уақытқа дейін облысымызда 19 педагог осы құрметті атақты иеленсе, ағымдағы жылдың 5 қазан күні оның қатары тағы 4 педагогқа толықты.
Республикалық комиссияның шешімі бойынша облысымыздың 4 педагогі республикалық «Үздік педагог-2017» байқауының жеңімпазы атанып, «Үздік педагог» төсбелгісін және 2 269 000 теңге сыйақыны иеленді. Олар: Тараз қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғаліміЕржан Есетұлы ЖҰМАДІЛОВ, Тараз қаласы № 1 гимназияның физика пәнінің мұғаліміГүлмира Райбекқызы ПОМАШЕВА, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғаліміСауле Рысбайқызы АЙДАРБЕКОВАжәне Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысыСандуғаш Жанұзаққызы НАМЕТҚҰЛОВА.
Қазан айының 5 жұлдызы – Халықаралық ұстаздар күні мерекесінде асығы алшысынан түскен ұстаздарды ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қабылдап, марапаттарын ұсынды.
Педагогтарды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыстар тілеймі
Перизат БАҚЫТ