
«Қалдырған ізің мәңгілік....»
Жаңақорған ауданындағы биылғы оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілген №186-мектепте Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздарды ұлықтайық» аясында аудандық білім бөлімі мен білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен үлкен мерекелік іс-шара болып өтті.Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Ғ.М.Әміреев, білім бөлімінің басшысы Б.М.Ибрагимов,Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы ардагер ұстаз З.Шермағамбетов қатысты.Мерекелік іс-шара барысында ізгілік пен парасаттылықтың символы дерлік ұлағатты ұстаздарға үлкен ілтифат көрсетіліп,ізгі тілектер айтылды.Біліміне біліктілігі сай,заманауи талапқа сай жас ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін он ұстазға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, теледидар тарту етілді.Ардагер ұстаз С.Мұсабаев Ұстаздар қауымына ыстық ықыласын білдіріп отырған аудан әкіміне,мерекелік іс-шараны ұйымдастырып отырған аудандық білім бөліміне,салалық кәсіподақ ұйымына арнайы алғысын білдірді.
Мереке соңы Бесарық өнер мектебі мен Әлшекей атындағы аудандық музыка мектебінің өнерпаздарының ән шашуына ұласты.
Айсұлу Пазылова, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы
-
Фотографии
-