
Кәсіподақ белсенділері «Өмірдің өзінде...»
Білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өмірдің өзі...» бағдарламасында ұстаздар қауымының басын қосты. Тікелей эфирде өткен бағдарламаның басты тақырыбы ұстаз мәртебесіне арналды. Аталмыш ток-шоуға облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева, қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Алимбетова, Сырдария аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар, облыстық кәсіподақ комитеті Жастар комиссиясының төрайымы, №15 мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Өміртай және кәсіподақ белсенділері қатысты. Арнайы ұйымдастырылған эфирде аянбай еңбек етіп, ғұмырының жартысын дерлік бала оқытуға арнаған, уақытпен санасуды білмей, бала тәрбиесіне өзіндік зор үлесін қосып келген ұлағатты ұсытаздарымыздың мәртебесі, қоғам алдындағы өзіндік орнын ұлағаттау мәселесі сөз болды. Осы орайда шәкірт тәрбиелеу жолында мұғалім мәртебесін биіктеткен, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар есімін, мәртебелі мамандықты әкеден балаға жалғастырған мұғалімдер династиясын, аға толқынның ізін басар, білім саласына уақыт талабына сай жаңаша серпін берген жаңашыл жас мұғалімдер есімін Г.Ескалиева жылы лебізін білдіріп тілге тиек етті.
Ток-шоу барысында О.Алимбетова, А.Есназар пікірлерлерін ұстаз мәртебесімен ұстаздар қауымына жасалып жатқан кәсіподақ комитетінің жұмыстарын сөз етті.
Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы З.Жаппарбергенова
-
Фотографии
-