
«Кәсіподақ жұмысы-бірлікте»
Маңғыстау аудандық кәсіподақ ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес есепшілер күні аталып өтті. Жиналыста тәжірибелі, көп жылдардан бері есепші болып тиянақты қызмет атқарып, кәсіподақ жарналарын кешіктірмей уақытында аударып жүрген белсенді есепшілер марапатталды.
Аудандық мәдениет үйінде мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз, ұстаз, тұлғасың – дара тұрған» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімі, бөлім басшылары, білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен тәрбиешілері қатысты.
Жиын соңында тәжірибелі, еңбектері елеулі мұғалімдер, ардагер ұстаздар кәсіподақ тарапынан марапатталды.
«Қазақстан салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБМаңғыстау аудандық филиалыныңтөрайымы Ақжанова Дина
-
Фотографии
-