.jpg)
«Ұстазым — алтын қазынам»
2017 жылдың 6 қазанкүні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен қадірлі ұстаздарға арналған «Ұстазым — алтынқазынам» атты мерекелік шарасы өтті. Аталмыш шараға университеттің барлық профессорлық-оқытушылық құрамымен студенттері, университеттің ардагерлер қауымы жиналды. Салтанатты шара кезінде алғысөз алған Университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков ұстаздар қауымын құттықтап, болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ ұстаздарды марапаттап, салтанатты түрде алқа, республикалық және облыстық құрмет грамоталарын тапсырды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Серікова Раушан Серікқызы да 40 ұлағатты ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтап төс белгілерімен, құрмет грамоталарымен және сыйақылармен марапаттады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-