«Ұстаздың жолы ұлылық, шәкірті жүрген ұғынып»
Қызылорда облысы Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2-қазан күні «Наурыз» мейрамханасында қарттар күні мен ұстаздар күніне арналған«Ұстаздың жолы ұлылық, шәкірті жүрген ұғынып»атты мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шараға сала ардагерлері мектеп, балабақша басшылары, үздік ұстаздар тәрбиешілер шақырылды.
Мерекелік шара барысында құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сәбит Бабанаев ұстаздар қауымы мен ардагер ұстаздарды құттықтап жыл көлеміндегі білім саласының жетістіктері мен табыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар жыл көлемінде табысты еңбекке қол жеткізген бір топ ұстаздарымызға білім министрлігінің алғыс хаттарын, облыстық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарын және аудан әкімінің алғыс хаттарын табысталды. Басталған оқу жылына сәттілік тіледі.
1-қазан «Қрттар күні» мерекесінің қатар келуіне орай құттықтау сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов қарт ұстаздарды, мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап жас ұстаздарымызға ақ батасын берді. Сонымен қатар ардагер ұстаз Шалболова Гүлжахан, Ешмаханова Айзада апайлар ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтап, еңбек жолын биыл бастап жатырған жас ұстаздарға еңбек кітапшаларын тапсырып сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында құттықтау сөз алған №91 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ақын Оразалиева Айнұр жырдан шашу шашып, мерекеге арналған арнау өлеңін оқыды.
Мерекелік шараны қортындылаған Қазалы ауданының білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, ардагерлерге рахметін жеткізді. Сонымен қатар жыл көлемінде түрлі деңгейдегі білім сайыстарында жетістіктерге жетіп жүрген бір топ ұстаздарымызды аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапаттады. Аудандық білім және ғылым қызметерлері кәсіподақ комитеті мерекелік шараға қатысушы барлық ардагерлерге, марапат иесі атанған ұстаздарға мерекелік сый-сияпат жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында «Қорқыт Ата» атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің ұстаздары мен мерекелік шараға арнайы шақыртылған астана қаласындағы мемлекеттік филормонияның кәсіби әншісі Әбілда Алтынбек пен бір топ өнерпаз ұстаздар мерекелік шараға қатысушы барша мұғалімдерге жырдан шашу шашты.
«Ұстаздың жолы ұлылық, Шәкірті жүрген ұғынып» атты аудан ұстаздары мен ардагерлерге арналған мерекелік шараға қатысушы мұғалімдер ризашылықтарын білдіріп, ардагер ұстаздарымыз ақ батасын беріп тарқасты. Мерекелік шара жергілікті «Серік - ТВ» телеарнасы арқылы аудан жұртшылығына насихатталды.
Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Роман
-
Фотографии
-