Мұғалімдер күні
5 қазан – Халықаралық мұалімдер күні.
Жыл сайын қазан айының басындакөптеген мемлекеттерде Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні барлық ұстаздар қауымының білім беру саласындағы ерен еңбегі мен қоғам дамуына қосқан үлесі аталады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі білім қызметкерлерін тасадан тыс қалдырмай жыл сайын атап келеді. Биыл да облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтар Кеңесінің ұйымдастырумен 2017 жылдың 5 қазан күніАқтөбе облысы ұстаздарын ұлағаттау салтанаты өтті. Салтанатты шараға педагогикалық қызмет ардагерлері, облыстың үздік ұстаздары, кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, барлығы 100-ден астам адам қатысты.
Шара барысында үздік жетістікке жеткен білім саласының 2 қызметкері «Еңбек ардагері»медалімен, 2 ұстаз«Ы.Алтынсарин» және«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалдарымен, 3 кәсіподақ көшбасшысы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айырықша сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен,6 ұстаз «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамоталарымен, Ақтөбеоблысы Кәсіподақтар орталығының, Ақтөбе облыстық білім басқармасының,«Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтыныңжәне«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамоталарыменмарапатталды.
30 үздік ұстаз білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық Кеңесі есебінен «Мерке» шипажайында емделуге сертификатпен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-