Ардагерлерді ардақтайық!
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқтарбай Қанапияновты ұстаздар мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктің басшысы ардагердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан орасан үлесін, белсенді өмірлік ұстанымын ерекше атап өтті.
- Сіздің ерлігіңіз, айбынды қайратыңыз барлық жетісулықтар үшін әрдайым үлгі болады.Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымы мүшелері атынан сізге ерекше құрмет білдіріп, ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, - деді Садық Нұрсапаұлы.Өз кезегінде ардагер - ұстаз қолдау көрсеткендігі үшін рахметін айтып, батасын берді.
Еске салсақ, Тоқтарбай Қанапиянов - І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Құрмет» ордені, 20-дан астам медальдармен наградталған. Соғыстан кейінгі уақытта ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, «КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. «Ақсу және Көксу аудандарының құрметті азаматы» атақтарының иегері. Бүгінгі күні дербес зейнеткер. Жасы 93-те. Тоқтарбай атамыз ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, жастармен бөлісетін аталық өсиетібарақсақалдардың бірі. Бүкіл ғұмырын өнегелі жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаз қоғамдық өмірден сырт қалмайды. Әлі күнге дейін жоғары оқу орындарына, мектептерге барып, өзінің тағылымға толы естеліктерін айтып жүреді.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі.
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі.