
АРДАГЕРЛЕРДІ АЯЛАЙЫҚ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымы Жуалы аудандық комитеті мейірім мен ізгілік мерекесі саналатын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында «Ардагерлерді аялайық!» атты ардагер-ұстаздарға арналған бір күндік саяхат ұйымдастырды. «Жуалы-Тараз» бағытын қамтыған саяхатқа жиналған ардагерлерді білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов таңғы тілегін білдіріп шығарып салса, аудандық кәсіподақ комитеттің төрайымы Гүлнұр Қадырбек өзі тікелей басшылық жасап, барлық іске бас-көз болды.
Мерекелік іс-шараға кезінде аудандық білім бөлімінде әр жылдары жұмыс істеген қызметкерлер, ұзақ жылдар мекеме басшысы қызметін атқарған ардагерлер мен ұлағатты ұстаздар, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап жүрген ұлағатты ұстаздар да тартылды.
Мерекелік іс-шараға кезінде аудандық білім бөлімінде әр жылдары жұмыс істеген қызметкерлер, ұзақ жылдар мекеме басшысы қызметін атқарған ардагерлер мен ұлағатты ұстаздар, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап жүрген ұлағатты ұстаздар да тартылды.
Әулиеата өлкесінің қасиет қонған жерлерін таныстыруды мақсат тұтқан рухани демалыс барысында жуалылық ардагер ұстаздар «Жуалы-Тараз» бағытында орын тепкен қасиетті жерлер - Айша бибі, Тектұрмас, Қарахан кесенелерін аралап көріп, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайында болып, сосын Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұғып, көне жәдігерлерді тамашалады. Танымдық тұрғыдан барша ардагерлерге тиімді болып табылған саяхаттың орта шенінде саяхатшыларға «Тау-Дос» мейрамханасында арнайы дастархан жайылып, ұйымдастырушылар тарпынан сый-сияпаттар көрсетілді. Оған облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлсін Орынбаева да қатысып, ардагерлерге салада атқарған қажырлы еңбектері үшін ризашылық сезімін білдіріп, алғысын жеткізді.
Мерекелік дастархан басында ардагер-ұстаздар да ақтарынан жарылып, ыстық ықыластары мен лебіздерін жан-жақтан білдіріп жатты. Жиын соңында аудан ұстаздары төрайыммен бірге естелік суретке түсті.
Азамат ТАУАСАР
-
Фотографии
-