Талдықорғанда ұстаздарға құрмет көрсетілді
Ұстаздарға сый-құрмет көрсету дәстүрі кәсіподақ ұйымының тарихында әлдеқашаннан бар. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы жыл сайын бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келген ардақты кәсіп иелеріне салтанатты қабылдау ұйымдастырып отырады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымыМұғалімдер күніне орайбілім беру саласына еңбек сіңірген қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатын көздеп, Талдықорған гумантиарлық – техникалық колледжінің мәжіліс залында «Ұстазым менің, ұстазым» атты салтанатты жиын ұйымдастырды.
Салтанатты жиынға аталмыш мамандықтың игі жақсылары– аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, ардагер ұстаздар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларыжиналды.
Бұл кеште барлық ілтипат тек ұстаздарға арналды.Еңбегі еленіп, жетістіктері бағаланған кәсіподақ ұйымының белсенділері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және Құрмет грамоталарымен, Талдықорған аумақтық ұйымының алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Ұстаздар күні қарсаңында Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесінің құрамы бекітілді.
Әдемі кеш соңында адам баласын ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін ұстаздар қауымыноблыс орталығындағы № 4 орта мектебінің жас өнерпаздары құттықтаса, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның танымал әншілері әсем ән жолдап, жырдан шашу шашты.
Осы ретте, Талдықорған аумақтық ұйымы мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің әкімшілігіне, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның басшылығына үлкен алғысын білдіреді.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-