
«Шынықсаң - шымыр боларсың»
Ақтау қалалық мектептерінің ұстаздары арасында, 2017 жылдың қыркүйек айының 30 мен қазан айының 1 күні№1 орта мектепте «Ұстаздар күні»мерекесіне арналғаншағын футболжарысы өткізілді.
Шараның мақсаты- кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру мен бірлігін нығайту, білім қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасын орындау.
Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалып, мектеп бүлдіршіндері тақпақпен, өлеңмен құттықтауларын жеткізді. Одан әрі бас төреші Р. Исламгалиев жарыстың шартымен таныстыра отырып, жарысқа сұраныс бойынша 16 мектеп қатысып тұрғандығын хабарлай келе, қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы К. Енсегеноваға сөз кезегі берілді.
К. Енсегенова сөз барысында ойынға қатысушы мұғалімдерді мәні терең мерейлі мерекемен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, әр ұстаздың еңбектері жемісті болсын деп, ойынды ашық деп жариялап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған жарыс ойыны өте тартымды, жеңіске жету үшін үлкен дайындықпен келгендерін байқатты. Білікті төрешілердің бағалауы бойынша 5 үздік ойыншылар анықталып, грамоталармен марапатталды. Ал жеңімпаздар 1-орын №20 орта мектеп, 2-орын №27 орта мектеп, 3-орын №15 орта мектебі, ынталандыру сыйлығына №11 орта мектебі жеңіп алса, арнайы кубоктар мен дипломдармен және барлық жеңімпаздар сыйақымен марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаздар қалалық кәсіподақ төрайымыК. Енсегеноваға бірауыздан өз ризашылықтарын білдірді жөне шағын футбол ойыны жыл сайын жалғасын таба берсін деген ұсыныстарын да жеткізді.
К.Еңсегенова,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық Бірлестігінің Ақтау қалалық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-