.jpg)
«ҚР Еңбек заңдылықтарының негізі» тақырыбында кәсіподақ ұйымының семинары өтті
Ақтөбе облыстықбілім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Темір ауданының орталығында орналасқан Шұбарқұдық гимназиясында ағымдағы жылдың 22-қыркүйек күні «ҚР Еңбек заңдылықтарының негізі» тақырыбында кәсіподақ ұйымының семинары өтті. Семинарға білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының бас маманы,заңгер А.Л.Алимпиев қатысып, «ҚР заңдылықтарының негізі» және «Жеке еңбек дауын қарау тәртібі» тақырыптарында баяндамалар оқыды. Сондай-ақ жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер туралы және оның шешімдерінің орындалу тәртібі туралы баяндап берді.
Семинарға аудандық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен келісім комиссияларының мүшелері, барлығы 52 кәсіподақ мүшесі қатысты.
Семинарда облыстық кәсіподақ ұйымының заңгеріА.Л.Алимпиев пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Сабенова бірқатар қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатароблыстық кәсіподақ ұйымыныңзаңгеріА.Алимпиев аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Сабеновамен бірге Ж.Кереев атындағы орта мектебі мен Шұбарқұдық гимназиясында еңбек заңдылықтарының орындалуына қоғамдық бақылау өткізді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-