
«Қарттарым - асыл қазынам»
2017 жылдың 29 қыркүйек күні Қызылорда облысы Сырдария аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай«Қарттарым- асыл қазынам»- атты білім саласы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Суюбаева, білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы А. Есназар және аталмыш бөлім мамандары мен сала ардагерлері қатысты.
Қарттар мерекесіне арналған мерекелік шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Суюбаева ашып, жүргізіп отырды. Өз кезегінде білім бөлімінің басшысы сөз сөйлеп, атаулы мерекемен құттықтап, талай жыл білім саласында қажырлы еңбек еткен сала ардагерлерінің қызметтік жолына тоқталды. Сондай-ақ білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті, осындай игілікті шараларды өткізуді дәстүрге айналдырып, сала қызметкерлерінің ықыласына бөленіп келеді. Бұл іс-шараның ерекшелігі биылғы жылы 80 жасқа толған ардагерлерге айрықша құрмет көрсетілді. Әннен шашу шашылып, жылы лебіздер айтылды.Білім саласы ардагерлері кезекпен сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Білім қызметкерлері кәсіподағының Сырдария аудандық комитетінің төрағасы А.Есназар тәуелсіздік алған жылдан бергі жетістіктерге шолу жасап, білім саласы ардагерлерін мәртебелі мерекемен құттықтай отырып, өткізіліп отырған кештің маңыздылығын айқындап берді.
Салтанатты жиынның соңында 80 жасқа толған ардагер ұстаз Біләл Махашев көпшілікке арнап, ақ батасын берді.
Кеш соңында аудандық кәсіподақ комитеті тарапынансала ардагерлеріне Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Мәртебелі меймандар естелік суретке түсіп, жақсы көңіл күймен тарқасты.
-
Фотографии
-