Қалдырар ізің мәңгілік...
«Еңбек күні»– тәуелсіз еліміздің барлық салаларында қызмет атқарып жүрген маман иелерінің еңбегін бағалап, еңбек адамдарының мәртебесін асқақтатуға бағытталған. Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» идеясы - еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру және өнімді еңбек етуге ынталандыруға ықпал ету.
«Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелері қарсаңында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитеті«Еңбек жолы»байқауынұйымдастырып, жеңімпаздарды«Қалдырар ізің мәңгілік»атты салтанатты шарада марапаттады.
Шарада Қызылорда облысы әкімінің орынбасарыРүстемов Руслан Рүстемұлыбілім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар есімін, мәртебелі мамандықты әкеден балаға жалғастырған мұғалімдер династиясын марапапаттады:
Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы –Сыр елі ұстаздарының ұстазы, ғұмырының 40- жылға жуық уақытын қазақ мектептеріне кәсіби мектептерін даярлайтын Маншұк Маметова атындағы гуманитарлық колледжінің дамуына арнаған білікті басшы, п.ғ.к. Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісінің иегері. «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иесі. Колледж Білім және ғылым министрлігі «Оқу процессінде ақпараттық технологияларды белсенді қолданғаны үшін», «Ұздік оқу орны», «Білімнің алтын қазынасы» номинацияларының иегері атанған.
Дүйсебеков Асылхан Төлегенұлы –Сырдария ауданы №42 орта мектебінде 26 жыл қатарынан директор қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озаты. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 2010 жылы мектеп директорларының арасында өткізілген «Мектеп басқарудыңқазіргі үлгісі» атты облыстық байқаудың және облыстық «Ақпаратшыл басшы» байқауының жүлдегері.
Романқұлов Совет ӨміртайұлыЖалағаш ауданының №118, №115 негізгі мектептерінің басшылығында 40 жыл, оның ішінде 31 жыл директор қызметін абыроймен атқарған. Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталған. Қосалқы шаруашылық өнімдері пайдаланылды. Мектеп мұғалімдері, ата-ана және қоғамдық ұйымдар бірлесіп ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларды еңбекке баулу жұмыстарын тиімді үйымдастыра білген басшы. Мектеп жанынан шағын жылыжай іске қосылды.
Өзінің өмір жолын ұлағатты ұстаз болумен қатар ұжымын ұйыта білген білікті басшы,мерейлі жасқажеткен мерейтой иелері ардагер ұстаздарымыз марапатталады:
Подольский Марк Захарович –биылғы жылы мерейлі 85 жасқа толып отырған іскер, сапалы білім және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білген басшы.Білім жаңалығының жаңашыры.Қызылорда қаласы №198 орта мектебінде 26 жыл директор қызметін атқарған. 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін медалімен» наградталған. 1993 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері». 2008 жылы «Қызылорда қаласының құрметті азаматы», 1997 ж. «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» атағы берілген.
Остаев Батырхан Остайұлы –Ұлағаттыұстаз, педагогикалық басқару жүйесінің майталманы, өңіріміздің қадірлі ақсақалы биыл сеңгірлі 80 жаста.Қызылорда қаласы №143 мектебінде 32 жыл директор қызметін атқарған. ҚР білім беру ісінің үздігі. Мектеп басқарудың оңтайлы жолы идеясының авторы, 50 ден астам жинақтар мен мақалалардың авторы. «Өмірі үлгі, өнеге» номинациясы бойынша үздік директор аталған. Кезінде оқушыларды еңбекке баулу мектеп тәжірибесі республикаға таратылған.
Салтанатты жиында педагогтар әулетіне ерекше құрметімізді көрсетеміз.«Үздік еңбек әулеті» номинациясыменМұхамедәлиевтер әулетімарапатталды. Ұстаздық кәсіпті атадан балаға сабақтастық арқылы мирас етіп келе жатқан, отбасында мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары, Орыс тілі, Математика, Информатика, Тарих және дінтану, бастауыш пәндерінің төрт ұрпақ ұстаздары тәрбиеленіп шыққан. Отбасында4 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,7жоғарғы санатты мұғалім тәуелсіз мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде жастарға сапалы білім, парасатты тәрбие беруге зор үлес қосқан 250 жылға жуық еңбек өтілімі бар өнегелі отбасы.
«Еңбек жолы»байқауының шеңберінде аға толқынның ізін басар, білім саласына уақыт талабына сай жаңаша серпін берген жаңашыл жас мұғалімдер есімдері да белгіленді.«Үздік тәлімгер», «Үздік жас маман»номинациялар бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымыБайназарова Райкүл Мансұрқызы бір топ жеңімпаздарды марапаттады.
Бұл мереке жастарды еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға баули отырып, қоғамның лайықты азаматы болуға тәрбиелейді. «Еңбек күнін - әрбір қазақстандықтың адал, ақ ниетті, кәсіби жұмысы, оның келешекке қосқан үлесі» деп білеміз.
Қызылорда облыстық кәсіподақ
комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева
-
Фотографии
-