Панфилов ауданында тілдер мерекесі аталып өтті
«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы»ҚБ Панфилов аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Билал Назым атындағы орта мектебінде «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында тілдер мерекесіне арналған кеш өтті.
Мерекелік шараға аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Рысбаев, мектеп директорыШ.Асанова, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты.
Шараның мақсаты-оқушыларды әр халықтың тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп өсіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға, тілдерді құрметтеуге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Мерекелік шараға келген қонақтарды қазақ, орыс және ұйғыр халықтарының ұлттық киімдерін киген оқушылар қарсы алды.Салтанатты шараны жүргізушілер қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлеп, келген қонақтарды таныстырып, жылы лебіздерін білдірді.
Алғашқы сөзді Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы алып,жиналған қауымды тілдер мерекесімен құттықтады. Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі екендігін, әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасатындығын айтып, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұрамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап жүрген мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.
Келесі сөзді білім бөлімінің әдіскері Ғалымжан Қалиұлы алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген латын әліпбиіне көшу мәселесі заман талабы екендігін баса айтты.
Шара соңында тілдер мерекесіне арналған өлеңдер оқылып, ән айтылып, би биленді.
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі
-
Фотографии
-