
«Кәсіподақ қауіпсіз еңбек үшін» тақырыбында қоғамдық қабылдау өтті
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық комитеті әр айдың үшінші дүйсенбісі күні құқықтық сұрақтар жөнінде қоғамдық қабылдау жүргізеді. «Кәсіподақ қауіпсіз еңбек үшін» тақырыбында өткен қоғамдық қабылдаудың мақсаты – азаматтарға, атап айтқанда кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы бойынша туындаған сұрақтарына құқықтық кеңес беру, мәселесінің оңтайлы шешілуіне ықпал ету.
Қоғамдық қабылдауға келген Қарабұлақ орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыР.Байзақова, Жетісу орта мектебі директорының орынбасары М.Малдыбаева, «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Г.Рамазановалар толғандырып жүрген сұрақтарымен бөлісті. Осы ретте, кәсіподақ мүшелеріне Ескелді аудандық білім бөлімінің заңгері Р.Мешелев пен аға есепші К.Оразалиналаркөтерілген мәселелерді талқылап, оң шешімін табу жолдарын айқындап, заңгерлік кеңес берді.
Мектепалды даярлық тобы ұстаздарының категориясын анықтау, білім саласы қызметкерлерінің тегін медициналық тексеруден өтуі сияқты облыс деңгейінде шешуді қажет ететін мәселелер аумақтық ұйымға жолданатын болды.
Талдықорған аумақтық кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-