Кәсіподақ ұйымының жұмысы сараланып, мақсаттар айқындалды
22 қыркүйек күні Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы атқару комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Атқару комитетінің отырысына Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының аппарат қызметкерлері, 2 қалалық, 10 аудандық және 1 оқу орнындағы кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, сектор меңгерушілері, аумақтық атқару комитетінің мүшелері, бақылау–тексеру комиссиясының төрағасы қатысты. Отырысты Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров жүргізді.
2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес өткен алқалы отырысы басысында Панфилов аудандық комитетінде «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңынның және Көксу ауданында «Дипломмен ауылға» мемлекетік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған Панфилов аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Тұрлыбеков Мақытбек Әділұлы аудандық комитеттің атқарған жұмысына тоқталып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын нығайту, ұйым мүшелерінің құқығы және мүдделерін қорғау, әлеуметтік серіктестікті дамытумақсатында атқарылған жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Аудандық кәсіподақ комитетініңнегізгі бағыттарының бірі – бастауыш кәсіподақ ұйымдарын нығайту және осы мақсатта нәтижелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні 64 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 4835 мүше тіркелген.Қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру, ұжымдық келісім-шартты орындау, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында көптеген шаралар өткізіледі», - дейді қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Мақытбек Әділұлы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Сағымбала Күлсейітқызы сөз алып, Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық жерге келіп, еңбектеніп жүрген жас мамандарға көрсетілетін қолдау жайлы баяндап берді. С.Төкенова ауылдық елді мекендерінде бағдарлама бойынша жұмыс жасауға ниет білдірген жастар санының жылдан жылға артып отырғанын, сондай ақ, бірреттік көтерме жәрдемақы, тұрғын үй мәселесін шешуге қажетті үкімет тарапынан бөлінетін қаржының жетіспей жататындығын тілге тиек етті.
Отырыс барысында Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге де ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.Аумақтық атқару комитеті отырысының қорытындысы бойынша Қаулы қабылданды.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Пенжім және Жамбыл атындағы орта мектептептері мен Жаркент көпсалалы колледжіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-