Шығыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жаңа оқу жылының басталуымен көшпелі оқыту семинарлар жүйесін жаңғыртты
12-14 қыркүйек аралығында Риддер,Ұлан, Глубокий аудандарында ұйым заңгері И. Соколов және төраға орынбасары Е.Крупко міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы және еңбек қатынастарына қатысты заңнамалардың негізгі аспектілері жайында дәріс оқып, аудандық сала кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп келді. Ауылды мекендегі кәсіподақ мүшелері облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары өткізетін оқыту семинарларын әрдайым күтіп жүреді, белсенді қатысады. Себебі, мұндай семинарлар әлеуметтік әріптестік тараптары: мектеп директорлары, білім бөлімінің басшылары, мамандары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, мұғалімдер, жұмыскерлер үшін қызмет бабында кездесетін еңбек қатынасына байланысты түрлі жағдайларды білікті заңгердің қатысуымен еркін талқылау, дұрыс шешім табу мүмкіндігі. Семинар соңында қатысушылардан семинар жайында пікірлерін білу ниетпен сауалнама өткізілді. Қатысушылардың барлығы салалық облыстық кәісподақ ұйымының мамандарына ризашылығын білдіріп, осындай семинарлар жиі болып тұрса деген ниеттерін білдірді.
-
Фотографии
-