Қәсіподақ ұйымы жас мүшелермен толықты
Алматы облысы Сарқан аудандық кәсіподақ ұйымының жоспарына сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мұқашев, аудандық мәслихаттың депутаттары М.Түсіпов пен Ж.Игіман 15 қыркүйек күні Лепсі өңіріндегі білім ошақтары - №54, Ушинский және Мұқан Төлебаев атындағы орта мектептердегі жаңадан қабылданған жас мамандармен кездесіп, тұрмысжағдайы және апталық жүктемесімен танысты.
Кездесу барысында ел ағалары қоғамдық қабылдау өткізіп, жастардың проблемаларының оң шешілуіне ықпал ететіндігін айтып, мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді. Соңында Сарқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанат Мұхамедқалиұлы мүшелікке қабылданған жастарға кәсіподақ билеттерін салтанатты түрде табыс етсе, «Нұр Отан»партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Төлеуұлы естелік сыйлықтармен марапаттады.
Ж.Мұқашев,Сарқан аудандық кәсіподақұйымының төрағасы
-
Фотографии
-