
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қаратал аудандық комитетінің отырысы өтті
2017 жылдың 14 қыркүйегінде Үштөбе қаласы №51 А.Морозов атындағы орта мектеп гимназиясында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қаратал аудандық комитетінің отырысы өтті.
Отырыста Қаратал ауданындағы К.Тоқаев атындағы және Кәлпе, Жамбыл орта мектептеріндегі өндірістік кеңестің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы іс-шаралары, Қ.Байсеитов атындағы орта мектебі мен №97 балабақшадағы екіжақты ұжымдық шарт міндеттемемелірінің орындалуы барысы қаралды.
«Қаратал ауданындағы білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жоспарға сәйкес жұмыс жүргізуде. Кәсіподақ ұйымымен білім беру мекемелерінің басшылары арасында 2016-2017 жылдарға ұжымдық шарттар жасалған және орындалуы екі жақты тараптардың бақылауында», - дейді өз сөзінде аудандық комитеттің төрайымы Әлия Енсекбайқызы.
Жиын барысында білім ошақтарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары С.Гончарова, А.Бүтінбаева, Ж.Стамқұлова мен Б.Қалдарбековтар сөз алып, өзекті мәселелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Атқару комитеті отырысының соңында алға қойған міндеттер белгіленіп, мақсаттар айқындалды.
Ә.Сәлімова,Қаратал аудандық кәсіподақұйымының төрайымы
-
Фотографии
-