
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай техникалық инспекторлармен өткізілген «Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлердің конституциялық құқығы» тақырыбындағы жиын
Батыс Қазақстан облысының Қазақтелеком ғимаратында 2017 жылдың 28 тамыз күні ҚР Конституция күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлердің конституциялық құқығы» атты кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларымен жиын өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белсенді 23 техникалық инспекторы және кәсіподақ аппаратының бас мамандары қатысты.
БҚО еңбек инспекциясы, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының техникалық инспекторларының қатысуымен өткізілген жиында БҚО еңбек инспекциясы басшысы Азамат Айтуевтің және Кәсіподақ Орталығының заңгері Зина Төлеуғалиеваның баяндамалары тыңдалды.
Бағдарлама барысында техникалық инспекторлар Еңбек кодексі бойынша өздерінің мәртебелері, өкілеттіктері бойынша сөз қозғай отырып, қазіргі таңда техникалық инспекторлардың біліктіліктерін арттыру мақсатында оқулар ұйымдастыру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізудегі кәсіподақтың ықпалына өз ризашылықтарын білдірді.
Жиын соңында БҚО кәсіподақтар орталығы атынан бірқатар белсенді техникалық инспекторлар құрмет грамоталары және алғыс хаттармен мараппаталды. Соның ішінде Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал техникалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Михаил Горлов БҚО Кәсіподақтар Орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.
Жиын соңындаЕңбек инспекциясы және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында, сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарында еңбек нарығын жоспарлау мен болжау, қайғылы оқиғалардың алдын алу және еңбекті қорғау бойынша жоспарлы іс шараларды жалғастыру, Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне көңіл аудару, Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің жұмысын нығайту және ҚР Еңбек кодексінің 202-203 баптарына сәйкес техникалық инспекторлардың шешімдері жұмысберушілер тарапынан ескеріліп, олардың деңгейін көтеріп, біліктіліктерін арттыратын арнайы курстарға жіберіліп, жұмыстарына жағдай жасалуы және Облыстық кәсіподақ ұйымдарымен ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жүйелі түрде, облыстық деңгейде техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыратын курстар ұйымдастырылуы туралы Қаулылар алынып, оның орындалуын қадағалау және жүзеге асыру үшін арнайы тапсырмалар берілді.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының бас маманы Гүлжанат Курмангазиева
-
Фотографии
-