МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова өз баяндамасында білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, жетістігі мен проблемалары жайында сөз қозғады. 2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын тәрбиешілердің сапалық құрамы өткен оқу жылымен салыстырғанда 6 пайызға жоғарылағаны туралы баяндады.
Салтанатты шара барысында білім беру ісінде озық жетістіктерге жеткен көшбасшы ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің және БҚО білім басқармасының құрмет грамоттары берілді.
Сонымен қатар осы шараның өтуіне қолдау білдіріп, еңбек адамының құқығын қорғаушы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Марат Оразалыұлы белсенді кәсіподақ мүшелерін құрмет грамоталарымен марапаттап сыйақылар табыстады.
Сонымен бірге биыл алғашқы рет «Үздік ұстаз» аталымының иегерлері анықталса, жас ұрпаққа қайырымдылық жасап келе жатқан кәсіпкерлерге алғыс хаттар табысталды. Ал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Төремұратоваға «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалі тапсырылды.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы, Марина Темиргалиева
-
Фотографии
-