
Ұстаздарды жасартқан жазғы демалыс
Аймақтағы туризмнің ажарына айналған Қамбаш көлі жағасында орналасқан «Наурыз» демалыс орнына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы ұстаздарға 40 жолдама берді.
Қамбаш көлі – Сыр өңірінің мақтануға тұрарлық демалыс орны, тамаша жер.Қамбаш – Арал ауданы Қамыстыбас елді мекеніндегі ғажайып су айдыны. Суы мөлдір әрі емдік қасиеті мол. Жазғы маусымдағы демалыс күндерін өткізуге ең қолайлы орын болып саналады.
Жағажайды көрген алғашқы керемет әсерден басталған күн әр ұжымнан келген ұстаздарды бір-бірімен таныстыру мақсатында тренингпен басталды. Тренинг барысында ұстаздар 4 топқа бөлінді. Топ басшылары сайланып, «ашық микрофон» айдарында топ атын, топ мүшелерін таныстыру ән-жырмен жалғасын тапты.
Ұстаздарды сергіту мақсатында спорттық ойындары ұйымдастырылып, жеңіске жеткен топтарға, белсенділерге сыйлықтар тапсырылды.
Ұстаз еңбегі бағаланатын керемет демалыстар жұмысқа деген белсенділікті арттыра түсетіні сөзсіз. Кешкі алау жағылып, ән-би кештерінде билеп, естелікке суретке түсіп, суға шомылып сергіп қалды. Жан сергітер қызықты демалыс сыйлаған кәсіподақ ұйымына алғыстарын айтып, демалушылар бір-бірімен қимай тарқасты.
Оразгүл Утамбетова, Қызылорда қаласы
№ 278 мектеп мұғалімі.
-
Фотографии
-