
Қуаныш сыйлаған он күн
Ұлт болашағы - бүгінгі ұландарымыздың денінің сау болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты міндетттерінің бірі екенін үнемі естен шығармайтын Қызылорда облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерлерінің кәсіподағы 23-шілде-1-тамыз аралығында тағы да 94 баланың Бурабайдағы «Лесная сказка» тынығу аймағында орналасқан «Миротворец» лагерінде демалып қайтуын қамтамасыз етті. Облыстың Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласынан аттанған балалар үшін табиғат шеберлігін аямай төккен бұл өңірде өткізген он күн ұмытылмас күндерге айналғандығы сөззсіз. Таза ауа, көңілді ойындар, «Қатаркөл» ормандарына жорықтар, аты аңызға айналған «Оқжетпес» өңіріне ұйымдастырылған саяхат барысындағы ғажап көріністер - экскурссия барысында жетекшінінің майын тамыза әңгімелеген әйгілі Көкше тауы жайлы аңыз әңгімелері, табиғаттың тылсым құпиясын паш етіп тұрған «Жұмбақтас», биші қайыңдар, еліміздің елдігі жолында күрескен атақты Абылайхан алаңы, Абылай аталарының хан тағы - міне бұның барлығы балалардың есінде мәңгі қалатыны анық. «Бұл күндер біз үшін өте бір естен кетпес ғажап күндер болды. Біз өзімізді бір ертегілер елінде жүргендей сезіндік.Уақытымыз көңілді өтті. Көптеген жаңа достар таптық. Он күн ішінде бір-бірімізге бауыр басқанымыз соншалықты қоштасар сәтте бір-бірімізді қимай әрең қоштастық. Маған лагерьдің ұнағаны соншалық, тіптен тағы бір маусымға қалғым келді. Келер жылы міндетті түрде тағы келемін,»- деген Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылынан барған Махсатқызы Саида өздеріне осындай естен кетпес он күн сыйлаған облыстық білім және ғылым саласы кәсіподағына, өздерін Бурабай өңіріне алып барып қайтқан жетекші апайларына деген алғысының шексіз екендігін жеткізді.
Айсұлу Пазылова, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.