
Ардагер ұстаздарға арналған демалыс
Талдықорған аумақтық салалық кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылы 1 – 4 тамыз аралығында аталған ұйымның қолдауымен Алматы облысы бойынша білім саласында қажырлы еңбек еткен, ауыл елді-мекеніндегі 36 ардагер ұстаздар «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмені тамашалау үшін Астана қаласына табан тіреді.
1 тамыз күні Талдықорған қаласы «Жастар» саябағынан жолға аттанған ардагер ұстаздардың Елордасы Астана қаласындағы күндері толымды бағдарламалармен қамтылған. Алғашқы екі күнде «ЭКСПО – 2017» көрмесін аралап шыққан болса, 3- тамыз күні жолнұсқаушының көмегімен Астананың танымал жерлерін аралап шығу жоспарланып отыр.
-
Фотографии
-