
Көп балалы аналар «Таң нұрында» демалады
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитеті кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында жаңа серпін беру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.
Оның ішінде аналардың денсаулығын қорғауға және сауықтыруға ерекше назар аударып отыр. Осы орайда Ұлт ұрпағының келешек кемелі көп балалы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне «Ана жүрек-тал бесік» атты салтанатта шара ұйымдастырды. Шарада алтын құрсақ аналардың құрметіне Қаратаудың бөктерінде орналасқан, ақын Шерхан Мұртаза «Түлкібасы-тұлпарлар туған жер, сұңқарларқонған жер» деп жырлағанОңтүстік Қазақстан облысындағы «Таң нұры» шипажайына жолдама тапсырды.
Салтанатты шараны білім және ғылым қызметкерлері Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымыБайназарова Райкүл Мансұрқызы ашып бірқатар аналарға жолдама тапсырды.
Қызылорда облыстық маслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы аналарға жасалған құрметке ризашылығын білдіріп, демалысты жақсы өткізуге сәттілік тіледі. Шара барысында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахметқалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, жолдама тапсырды.
Ескалиева Гүлнар


-
Фотографии
-