Оқытушыларға арналған көңілді демалыс
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов облысымыздың дарынды оқуышыларына арналған мерекелік кешінде оқушылар мен ұстаздарды жылы лебізімен қабылдай отырып, ұстаздың педагогикалық қызметінің өнімді де, шығармашылық бағыты мен өнегелі шәкірттерді тәрбиелегені үшін алғыс хатпен марапаттап, Ресей Федерациясының Алтай өңіріндегі «Белокуриха» шипажайына жолдама табыстады.
Бұл тәрізді ұстаздардың мадақтауы дәстүрге айналған. Түлектердің соңғы қоңырауында оқушы-тәлімгерлермен қатар өзінің бар білімін дарытқан педагогтардың да есімдері аталғанға не жетсін!Тіпті, біздің топқа Белокуриха шипажайына барып келуімізге облыстық кәсіподақ тарапынан арнайы автобус та ұйымдастырылды.
Шілде айының алғашқы он күндігінде Белокуриха «Сибирь» шипажайының заманауи емдеу-сауықтыру кешенінде болып қайттық.
Қабылдау және орналастыру қызметінде, келген қонақты жылы жүзбен және қонақжайлылығымен қарсы алды. «Белокуриха» шипажайындағы медициналық қызметкерлер игілікті және жоғары сапалы кәсіпқойлығымен қызмет көрсетті. Әр ұстаздың сұранысы бойынша емдеу шараларына жағдай жасай отырып, қолдау жасады. Денсаулыққа пайдалы азоттық ванна, бассейн, сауна, гимнастикалық зал және караоке зал, жанды дауыспен әншілер шақырылып, демалушылардың көңілінен шыға білді.
Туристік ақпараттық орталықтағы экскурсия жетекшісімен Алтай өңіріне саяхат жасадық. Алтай өңірінде ең үлкен Телецкое көлі, Эхо прошлого жолы, Ручей шиши, Сосна любви, Родник, Церковка, Төрт ағайынды, Үш әпке жерлерінің тарихымен таныстық. Аңызға айналған Катунь өзенінің тылсым сырымен таныса отырып, Тавдинский үңгірінің тарихына куә болдық. Патмос аралындағы 10 метр биіктіктегі аспалы көпір арқылы Иоанн Богослов және Святителя Макария Невский шіркеулерін араладық. Алтай тауларының жұмбақ табиғаты, әсемдігі мен таза ауасы жаныңды рахатқа бөлейді.
Белокурихадағы «Сибирь» шипажайындағы аспазшылардың Швед бағдарламасы бойынша дайындаған әр түрлі ең тойымды ас мәзірі керемет ұйымдастырылған. Шипажайдың заманауи емдеу-сауықтыру кешенінен тек қана жақсы және жылы әсер алдық. Демалушыларға көрсеткен дәрігерлер, аспазшылар, даяшылар сыйластық, адамгершілік, жылулықтарымен есте қалды.
Шипажайдың ұжымына шеберлігі мен кәсіпқойлылығы, таңғажайып демалысы мен толыққанды емі үшін ризашылық танытып, Павлодар облысы әкімдігіне, сонымен қатар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаеваға ұстаздар қауымы атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Меруерт Коржумбаева,
Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиетінің аға оқытушысы.