
Табиғаты тамсандырған ТАЛДЫСУ
Бала өмірдің қызығы,қуанышы мен бақыты.Балаң көңілдің адалдығымен,кіршіксіз көңілдің,адал ниетті пәк жүрегінің дархандығынан асқан бақыт жоқ. Бала өмірдегі әрбір болып жатқан құбылыстың бәрін,шынайы көңіліне қабылдайтындығы айқын.
Сондықтан да әр жыл сйын жаз мезгілінде баланың демалысына баса назар аударып,олардың жақсы тынығуына ықпал жасаймыз.Сондай демалыс орындарының бірі Қызылода облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» Талдысу тынығу лагері болатын. Жыл сайын бұл тынығу орталығында балалар өздерінің уақыттарын тиімді өткізіп, мұнда ұйымдастырылған іс-шараға атсалысып өздерінің білімі мен өнерлерін шыңдай түседі.Тынығу орталығы жаңа заман талабына сай. Балалармен әр аусымда бірге болатын тәрбиешілер де өз ісінің маманы. Қасиетті қара таудың етегінде орналасқан бұл тынығу орталығының әсем де сұлу табиғаты мен салқын таза ауасы дертке шипа жанға дауа деуге болады.
Жыл сайын балалар жеті аусымда демалатын болса, қазіргі төртінші ауысымда білім қызметкерлерінің балалары демалып жатыр. Балалар жүрегіне қуаныш сыйлайтын ашылу салтанаты әсем ән мен түрлі ойынға ұласып, санаулы күндер сынаптай сырғып өтіп қоштасуға қимайтын сәттердің өзі де бала сезімі үшін үлкен бақыт.
Жаңалықтың жаршысына айналып, әрбір балаға жаңа дос, жаңа қуаныш пен бақыт сыйлаған «Талдысу» тынығу лагерінің ұжымына айтар алғысымыз шексіз.
Қызылорда облысы, Бесарық балалар Өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрағасы Мұстафаев Ермсұлтан
-
Фотографии
-