
Қамбаштағы демалыс
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен шілденің шіліңгір ыстығында жазғы демалысты қызықты әрі көңілді өткізу мақсатында Арал ауданы, Қамыстыбас елді-мекенінде орналасқан Қамбаш көлінің жағажайындағы «Наурыз» демалыс кешеніндеіс-шара болып өтті. Шараға аудандық кәсіподақ комитетінің төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, күндерін көңілді өткізіп, табиғат аясында тынықты.Шара барысында суда жүзуден, нысана атудан, арқан тартудан және волейболдан жарыстар ұйымдастырылып, кәсіподақ жетекшілері аталған шараға белсене қатысты. Ән айтып, би де биленді. Қысқасы демалысты барынша көңілді өткізуге тырысты.
Шараның негізгі мақсаты – аудандағы белсенді әрі үздік мұғалімдерді және бірнеше конкурстардың жүлдегерлеріне ерекше демалыс сыйлау, сонымен қатар облысымыздағы туристік аймаққа айналған әсем де көрікті жағажайдың қолайлы екендігін сезіндіру.
Дана халқымыз «Көлі байдың – елі бай» демекші, бүгінгі таңда туристердің демалуына ең қолайлы аймақ болып саналатын Қамбаш көлі облысымыздағы айтулы демалыс орындарының бірі.Қамбаш көлі – құмды жағажайда орналасқан, суы мөлдір, таза, кіршіксіз әрі емдік қасиеті мол.
Сонымен қатар облыс орталығынан 400 шақырымдай жерде орналасқан шипажайға «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автобаны демалам дейтін туристерге кеңірек жол ашқан таптырмас жер десек болады.
Қамбаш демалыс орталығында барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі, теледидар, төсек орны, ас бөлмелері таза әрі ауабаптағышпен және ыстық құммен емдеу профилактикасы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ кейбір демалушылар үшін киіз үйлер немесе қамыстан жасалған балықшылар қосыны, емдеу-шаралары корпусы бар.
Алдағы уақытта аймақтың үздік мұғалімдері отбасымен демалуға білім және ғылым қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 500 жолдама әзірлеп отыр.Ол ұжымдық, отбасылық, жеке-даралық тағы басқа жолдама болып бөлінеді. Аталмыш демалыс аясында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Мансурқызы Байназарова «Наурыз»демалыс кешенінің басшылығымен меморандумға отырып, облыс ұстаздарын отбасымен, ұжымдастарымендемалдыруға қол жеткізілді сонымен қатар демалыс кешенінің ұжымының тарапынан келген ұстаздарды пойыздан күтіп алып, шығарып салу сияқты шараларға қол жеткізілді. Сондай-ақ демалысқа келген сала қызметкерлерінің жолдамасының 50 пайызы кәсіподақ комитетітарапынан төленетін болады.
Сыр өңіріндегі осынау туризмді дамытуға сіз бен біз болып күш салсақ, ертеңгі болашағымыз бен кемел келешегіміздің қайнар көзі – Қамбаш демалыс аймағының туристер үшін таптырмас жерге айналары сөзсіз.
Есназар Алмас Зейноллаұлы, Сырдария аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фотографии
-