Кәсіподақ ұйымы - береке мен бірлік шаңырағы
«Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту маңызды»,- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірін негізге алып жұмыс жасап келе жатқан кәсіподақтар ұйымы жылдан –жылға ауыз толтырып айтарлықтай нақты істерімен алға басуда. Осындай игі істердің бастамасын жасап, бағыт бағдар беріп отырған Қызылорда облысы Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы.
Шарада алғашқы құттықтау сөзді Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы Ақзира Бақтыбайқызы сөйлеп, оқу жылы көлемінде кәсіподақ саласы бойынша түрлі шараларға атсалысып, белсенділік танытқан ұжымдарды балалар мен жасөспірімдердің 2016 жылғы жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Балалар және Жаз» республикалық байқауының жеңімпазы атанған Қазалы аудандық «Шағала» балалар сауықтыру демалыс орталығын, №204 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жанынан ұйымдастырылған «Болашақ » күндізгі тынығу лагерін, №95 Қ.Нұрмаханов атындағы мектеп жанынан ұйымдастырылған «Айгөлек » күндізгі тынығу лагерін марапаттаса, Балалар мен жасөспірімдердің 2016 жылғы жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін №190 орта мектеп директорының орынбасары Сарсенбаев Ардақ Ермекұлына, №25 орта мектеп директорының орынбасары Қуандықов Қанат Алдашұлына, №226 мектеп-гимназияның денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ниет Ерғали Нұрыллаұлына, №204 орта мектеп директорының орынбасары Әбішев Қанат Ержанұлына табыстады . Қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі мен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін №225 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Машай Абай Машайұлы мен №70 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Байжігітова Гүлмарам Әбдікәрімқызын марапаттады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісімен» марапатталған Қазалы аудандық Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Күдебай Тәжімұрат Күдебайұлын ортаға шақырып, құттықтады.
Кәсіподақ комитеті қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік, әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым.
Республика , облыс көлемінде де өткізілген жұмыстарда белсенділік танытып жүрген Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті де облыста ұйымдастырылған «Кәсіподақ қолдайды, шыңдайды, тынбайды» атты бейнебаян байқауын алдымен аудан кәсіподақтары арасында өткізіп, әр мектеп пен балабақша өміріндегі кәсіподақтың атқарған жұмыстары мен идеяларын, игі істері мен шараларын бағалап, ең үздік көрінген бірнеше ұйымның бейнебаяндарын облысқа ұсынған болатын. Бейнебаян байқауының нәтижесімен жіберілген жұмыстар облыстан да дара шығып, №170 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жүгінісова Нұрсұлу Қалиқызы І орынды жеңіп алып, 50 000 теңге жүлдемен марапатталса, Қазалы аудандық Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Күдебай Тәжімұрат «Үздік сценарий» бағамымен , Қазалы аудандық Оқушылар үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алматова Ұлболсын Қуанышбайқызы «Үздік идея» бағамымен марапатталып, жүлдесіне неутбук иеленді. Сонымен бірге аудандық байқауда өз ұжымдарының жұмыстарын көрсете білген «Ақерке» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы, №103,234,90,17 мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарына аудандық кәсіподақ комитетінің жүлдесімен марапатталды. Бұл жеңістер біздің ауданымыздың кәсіподақтарының тынбай жасаған жұмыстарының нәтижесі екендігін мақтана айтуға болады.
Мерекелік кеш барысында ауданымыздағы кәсіподақ саласында бірнеше жыл қызмет атқарған, ардагер ұстаз Сағымбаева Ермек апай, мектеп басшылары атынан №182 мектептің директоры Жетібай Таңбанбет ,білім беру саласының ардагер ұстазы Күләш Мергенбаева, №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш құттықтау сөз сөйлеп, әр мектептегі кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары бүкіл бір ұжымның ұйытқысы бола білу қажеттігі, кәсіподақтың қолға алуымен білім беру қызметкерлерінің мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың атқарылғанын, осы орайда соңғы жылдары кәсіподақтар тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстардың көңіл қуантатынын айтып өтті.
Кеш соңында «Кәсіподақтар» әнін аудандық кәсіподақтар жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшелерінің орындауында тыңдалып, әдемі әсерге ұласты.
Қорыта айтқанда, бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жандандыру, кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ төрағаларының жұмыс берушілермен келісімді ынтымақтастықта жұмыс жасауларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін анықтау, кәсіподақ ұйымының жұмысына қызығушылықты арттыру және мәртебесін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар мұнымен бітпек емес.
Қызылорда облысы, Жұмағазиева Роза Бөгенбайқызы