
«Бала сұңқар» сауықтыру алаңындағы көңілді демалыс
Шыңдары көкпен астасқан Шығыста орналасқан Сауыр, Сайқан таулары мен «Бестерек» орманының етегінде өңірдің моншақ тағынған еркесі Кендірлік өзенінің сылдыр - сылдыр күлкісі Сарытерек ауылына ерекше сән беруде...Осындай табиғаттың ортасында орналасқан Сарытерек ауылындағы «Сарытерек орта мектебі» КММ жанынан білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен денсаулығына байланысты есепте тұрған оқушылар мен аз қамтылған, жағдайы ауыр, жетім балалар үшін жазғы «Бала сұңқар» сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Әрбір демалушының талапқа сай демалуына, өтілетін шаралардың тартымдылығына, тиімділігіне мән берілді. Демалушылардың психологиялық жағдайларын ескеріп, қызығушылықтарынақарай тәрбие шараларын жоспарлы түрде өткізілді.
Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастырып, балаларды жазғы уақытта іспен қамтып, оқушылардың денсаулығын бекітуге іс шараларды ұйымдастыруда тәрбиешілер өз міндеттерін балалармен тыңғылықты ұйымдастыра білді. Алдымен балаларға жағымды психологиялық ахуал орнатуды мектеп психологы С.Бөлеубаеваның ұйымдастыруымен көңіл-күйін бақылап, қарым – қатынас жасауға көмек беріп, бір –біріне достық қарым-қатынасын нығайтып, психологиялық тренинг ұйымдастырып балалардың танымдық үрдістерін, тұлға аралық қатынастарын қалыптастырып дамыту мақсатында көптеген ойындар арқылы жұмыс түрін түрлендіріп балалардың қызығушылығын оятты. Әр күннің соңында балалар кері байланыс жасап сауықтыру алаңынан алған әсерімен бөлісіп отырды.
Үш тілділікті меңгеру барысында «Қызықты ағылшын» үйірмесін А.Қонақбаева өздері жайлы әңгімелей білуге, ағылшын әліпбиін, үй және дала жануарлары, тағамдар мен сусындар атауларын меңгертуге, сыйқырлы сандар, уақыттың мөлшерін айта білуге, түстерді ажырата білуге, ауа райы, жыл мезгілдері, айлар, апта күндері жайлы әңгімелей білуге дағдыландырып, жас ерекшеліктеріне байланысты «Шалқан», «Кішкентай арыстан», «Бауырсақ» ертегілерінен көрініс қойып, алған білімдерін сарапқа салу мақсатында «Ағылшының қалай?» деген сайыспен қорытындылады.. Орыс тілінен «Я играю, я читаю, я все знаю» үйірмесінің жетекшісі Н.Тоқтасынова ойын сабақтарын күнделікті бір сағат балалардың білімін жетілдіріп ауызекі сөйлеп, ойлау, есте сақтау ойындары ұйымдастып, білген білімін сабақ соңында тест жүйесі арқылы қорытындылап, үздіктерге сыйлық таратып, орын беріп балаларға жақсы көңіл күй сыйлап білімін тереңдетуде зор үлес қосты. Сондай ақ «Ақ сұңқар» би үйірмесі ұйымдастырылып жетекшілік еткен Л.Қайырбекова мен М.Қуанышбекқызы би өнерінің құдіретін, элементтері мен ырғақтарын үйрету барысында күнделікті флешмоб ұйымдастырылып биге деген балалардың құлшынысы артып би үйренді. «Қызықты математка» үйірмесін К.Қайранбаеваның ұйымдастыруында логикалық есептердің қызығымен балаларды білімге үйрете білді.
Әрбір баланы салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға тартуда тәрбиешілер Н.Испаева мен А.Нургалиевалар «Ойнаймыз, шынығамыз» үйірмесінде «көңілді старт» жарыстарын ұйымдастырып отырды. Қауіпсіздік ережесімен, төтенше жағдайды хабарлау номерімен таныстырудан бастап, ойындық сюжет арқылы баланың зияткерлік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, қозғалыс белсенділігін кеңейту барысында ойын түрінде балалардың денсаулығын нығайтуға зор үлестерін қосып, жақсы көңіл күй сыйлады..
«Қыл қалам» бейнелеу үйірмесі де өз жұмысын жүзеге асыра білді. Жетекшісі Д.Алдажарова күнделікті әр топпен «Бақытты балалық шақ» асфальтқа сурет салу, «Менің сүйікті мульткейіпкерім», «Мамандық өмір таңдауы», «Жануарлар әлемі», «Төрт түлік – үй жануарлары әлемі», «Құстар – біздің досымыз», «Кім жылдам» тақырыптарында оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру, ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыра отырып, топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиеленді.
Сауықтыру алаңындағы мерекелік шаралардың бірі «Рәміздерім - мақтанышым». Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту барысында рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді білді. Оқушының есте сақтауын дамыта отырып, өз ойын дұрыс жеткізуге ықпал етілді. Оқушыларды Отан сүйгішке, адамгершілікке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапхана меңгерушісі Ауызша журналды өткізіп таныстырды. Соңында балаларғаМемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы, елді, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу екендігі түсіндірілді. «Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін»- деп ант қабылдаумен аяқталды. Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу барысында ертеңгіліктен соң көрсетілген рәміздер туралы видеоролик әр баланың жүрегінен орын алды.
Дәрігерлік сауықтыру шараларын ұйымдастыруда медбике М.Әділбекова балалардың күнделікті тазалығы мен асханадағы тамақтың құнарлығы мен мәзірге сәйкестігін бақылап, ас мөлшерінің талапқа сай болуын қадағалап отырса, аспазшылар Ж.Акимжанова мен С.Жүкішеваларөз ісінің майталмандары - дәмді, құнарлы тағамдарымен балаларды қуантты.
Сауықтыру алаңын жақсы деңгейде ұйымдастырып, балалар мен тәрбиешілерге жағдай жасай білген сауықтыру алаңының басшысы Тлеубердинова Шынар Кеңесбекқызы биыл үшінші жыл басқарады. Педагогикалық ұжым мен ата-аналар қоғамдастығын, оқушылар мен мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым-қатынасына ұйтқы болып, оқушылардың жазғы демалысын өткізу үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз етіп отырды.
Әрбір топ өз жұмысын жалпы лагерлік жоспарға сәйкес жоғарғы деңгейде өткізді. «Бала сұңқар» сауықтыру лагерінде өткен әрбір күн балалар үшін қуаныш сыйлады. Бірі сурет салды, бірі моншақпен өрнек жасады, енді бірі би биледі, ән салды, концерт тамашалады. Шабыттанып кеткен кей балалар ортаға шығып, өздері де өнер көрсетті. Лагердің соңғы күні өз өнерлерін ортаға салып, таза ауада доп қуып, көптеген қызықты ойындар мен білімдерін нығайтқан балалардың жүздерінен жақсы демалысты байқадық. Сауықтыру алаңында өткен күндерден фотомонтаж естелікке берілді. «Озады жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, ұшады тау бөктерде бала сұңқар», - деп Базар жырау жырлағандай шат – шадыман көңіл – күйде тарасқан балалардың жүздерінен қуанышты көру қандай бақыт десеңізші!
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы
Сартерек орта мектебінің кітапхана меңгерушісіГүлнар Сләмбекқызы
-
Фотографии
-