
Шығыстың Зайсан қаласында өтіп жатқан «Кәсіподақ мектебі»
Бүгінгі таңда кәсіподақтардың іс-әрекеті мен қоғамдағы тиімділігін арттыру мақсатында жастарды кәсіподақ жұмысына баулу, оларға дұрыс бағыт беру, оқытып үйрету аса маңызды. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Н. Қасенова, орынбасары Е.Крупко, маманы Н.Базилева және заңгер И. Соколов облыс орталығынан шалғайда орналасқан үш ауданның кәсіподақ белсенділерінің басын қосып, өздеріне жақын Зайсан қаласында көшпелі «Кәсіподақ мектебі» оқуларын өткізу үстінде. Кеңейтілген оқыту бағдарламасы бойынша әр аудан 16 сағаттан оқиды. Бірінші болып – 13-14 маусымда Күршім ауданынан келген 30 кәсіподақ белсенділері үшін семинарлық оқытулар өтіп жатыр. Кәсіподақ мектебінің бірінші күнінде:
1)кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру;
2) кәсіподақ жұмысындағы медиацияның рөлі;
3) келісім комиссиясының жұмысы;
4) ҚР Еңбек кодексі бойынша еңбек қатынастары;
5) әлеуметтік әріптестермен жұмыс: ұжымдық шарт – әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты;
6) жаңа еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері;
7) тарификациялау;
8) еңбек ақыны санау, еңбекақыдан ұстап қалу,
екінші күні:
1)қазіргі таңдағы кәсіподақ іс-әрекетінің стратегиясы мен тәсілдері:
қызметкерлердің еңбектік және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі;
2) бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы іс қағаздарын жүргізу;
3) кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау.
Әрбір сабақ іскерлік ойындармен сабақтасып, топтарда тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде.
Семинар сабақтары қызықты, барынша тартымды өтуде. Қатысушылардың қызығушылықтары басым.
-
Фотографии
-