Мерекелік іс шара
«10 - Маусым Қазақстан кәсіподақтары күніне» байланысты 10.06.2017ж. күні Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театрындаБілім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруыменҚазақстан кәсіподақтарының 112 жылдық мерейтойына орай 500-ден астам облыс кәсіподақ қозғалысының жетекшілері мен ардагерлері, кәсіподақ активі, облыстық және қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері, облыс және қала тұрғындарының қатысуымен мерекелік іс шара болып өтті. Құттықтау сөзін жеткізген ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр, қоғамның тұрақты дамуы мен кәсіподақтың нығаюына сүбелі үлес қосқан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық және Мақтарал аудандық төрағаларыоблыс әкімінің Құрмет грамотасымен, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитетінің төрағасы Асильбаева Гульжан Қазақстан Республикасы ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының«Алтын жүрек»медалімен марапатталды. ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Қарабеков Ғани Әжединұлы ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә.Құсайыновтың мерекелік құттықтауын оқып берді.Құрметке лайықты еңбек және кәсіподақ қозғалысының 13 арагерлеріне сый-сияпат,қошемет көрсетті.Сондайақ ҚР кәсіподақтар федерациясының«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі
үшін»белгісіменжәне ҚР кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен білім ғылым қызметкерлері кәсіподағыныңаудандық төрағалары Қазақстан Республикасының салалық кәсіподақтарының«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін»белгісімен білім саласынан 2 кәсіподақ белсендісі,Қазақстан Республикасының салалық кәсіподақтарыныңҚұрмет грамотасыменбілім саласынан 3 жәнеОҚО кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен 6 адам марапатталды.
Облыстық білім саласының майталманы еңбек ардагеріБарахова Сайлаукүл Жаппарқызы барша қонақтарды мерекемен құттықтап,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ОҚО ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің белгісімен білім саласынан 5 адамды және «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ОҚО ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен 5 адамды марапатталды.
Салтанатты жиналыста«Ең үздік әлеуметтік әріптес», «Жанашыр басшы»,«Ең үздік кәсіподақ жетекшісі»,«Жылдын үздік мектебі»,«Жылдын үздік ұстазы», «Жылдын үздік сынып жетекшісі», «Жылдын үздік тәлімгері», «Жылдын үздік оқытушысы», «Үздік кәсіподақ ұйымы»деген аталымдар(номинациялар) тапсырылып, шипажайға тегін жолдама берілді.
Сонымен қатар18мерейтой иелері және мереке қарсаңында дүниеге келген22білім саласының кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсету де назардан тыс қалмады.
«Отан-отбасынан басталады» дегендей адамгершілік құндылықтарды ұрпақ бойына дарыта білу және отбасылық беріктікті сақтау арқылы еліміздің өркендеп-өсуіне септігін тигізуде үлгі боларлық педагогтар отбасылары да 5 жұп мерекенің сәнін кіргізді. Оларға мейрамхаға кешкі асқа билеттер берілді.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы З.Маханова қасиетті Рамазан айымен құттықтапмерекені ұйымдастыруға атсалысқан ОҚО кәсіподақтар орталығының,салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің жетекшілеріне, аппарат қызметкерлеріне, сондай-ақ барынша қолдау көрсетіп,ұйымшылдық танытқан білім саласы кәсіподағының аудандық, қалалық филиалдарының төрағаларына шексіз ризашылығын білдірді. «Адам баласының әрбір игі ісі еселенеді, ал игі іс үшін берілетін ең аз сый он есе болады!» - деп түйіндеген З. Маханова 3 балалар үйіне ақшалай қаражаттың септификаттарын тапсырды.
Салтанатты жиын соңы облыстық саз колледжі ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
-
Фотографии
-