
КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ
10 маусым - Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай Жамбыл облысы Шу аудандық кәсіподақ комитетінің жоспарына сәйкес аудан орталығындағы мерекелік концерт өтті. Мереке М.Жүнісәлиев атындағы саябақта аудан мектептеріндегі 80 жас кәсіподақ мүшелерінен құралған жастар флеш-мобымен ашылды.
Саябақта ыстық бауырсақ жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлық қонақтарға ыстық бауырсақ үлестірілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің бөлім меңгерушісі қатысып, кәсіподақтықтарды мерекемен құттықтады. Әртүрлі дәрежедегі кәсіподақтық марапаттаулар табыс етілді.
Жиынға аудан, қала мектептерінің БКҰ көшбасшылары, кәсіподақ ардагерлері қатысып, кәсіподақтың гимнін орындады. Жиналған қонақтарға аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарламасын ұсынды. Жиынға қатысқан барлық кәсіподақ мүшелері «ЭКСПО-2017» және «10 маусым - Қазақстан Кәсіподақтары күні» атты эмблемамен шарларды ұшырып, естелік суретке түсті.
Мереке соңы кәсіподақ көшбасшыларына арналған мерекелік дастарханмен ұласты. Бұл жиынға барлығы 250 кәсіподақ мүшелері қамтылды.
Айда БЕКМУРЗИНА,ШУ ауданы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фотографии
-