
АУДАНДЫҚ КОМИТЕТ ЖАҢА ҰЙЫМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Жамбыл облысының Меркі аудандық ұйымы Кәсіподақ күніне орай «Ұрпақтар сабақтастығы: кеше, бүгін, ертең...» тақырыбында мерекелік салтанатты кеш өткізді. Кештің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым кәсіподақ мүшелерін құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
- Бұл мереке барша еңбекші қауымның мерекесі. Кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаты – жұмысшылардың әлеуметтік мүдделерін қорғау. Табысты қызмет етуге оңтайлы жағдайлар жасалғанда ғана еңбек өнімділігі арта түсетіні мәлім. Бүгінгі мерекеде барлықтарыңызды құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді аудан әкімінің орынбасары.
Салатанатты жиында кәсіподақ қозғалысының тарихы, бүгінгі жетістігі мен келешектегі жұмыс бағдары сөз болды. Сала ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетіліп, жастарға үлгі болатын еңбектері насихатталды. Үздік қызметкерлерге, саладағы үздік мерейтой иелеріне әр түрлі дәрежедегі кәсіподақтық марапаттар табыс етіліп, сый-сыяпат жасалды.
Салтанатты шара аясында аудандық кәсіподақ филиалы «Балалар үйі», «Аула клубы» сынды жаңа бастауыш ұйымдармен, жаңа мүшелермен толықты. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ғалиа Қажығалиева жаңа мүшелерге салтанатты түрде символикалық белгілер мен Ұжымдық шарт тапсырды.
Жиын барысында әртүрлі кезеңдегі ретро әндер, жаңа үлгідегі озық ән-жылдардан жасақталған мерекелік концерт пен арнайы ас мәзірі ұсынылды.
Дәулет БЕРИКОВ,МЕРКІ ауданы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фотографии
-