
ҚҰЛАНДА ӨТКЕН КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ
Кәсіподақтар күні мерекесіне арналған шара Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында кең көлемде аталып өтті. Құлан орта мектебінің акт залында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен құқықтық үйірме жетекшілерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді.
Жиында аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Зәуреш Тойбекова құттықтау сөз айтып, жыл бойы белсенділік танытқан, облыстық семинарлар мен шараларға өз үлестерін қосқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен бірқатар құқықтық үйірме модераторларын марапаттады. Сонымен бірге, 5 кәсіподақ мүшесіне ынталандыру мақсатында «Астана-Бурабай-Экспо-2017» саяхатына тегін жолдамалар берді.
Салтанатты мәжіліс соңы мерекелік концертке ұласты, кәсіподақ әндері мен кәсіподақтық өлеңдер оқылды. Соңынан барлық кәсіподақ көшбасшылары мерекеге орай сыйлықтармен марапатталып, түскі аспен тамақтандырылды.
Тимур ОРАЗБАЕВ,Т.Рысқұлов ауданы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фотографии
-