Кәсіподақтар күні
2017 жылдың 9 маусым күні «Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ төл мерекеміз – Кәсіподақтар күнін ауқымды атап өтті. Облысымыз бойынша ең үздік ұстаздар жыл сайын шипажайға тегін жолдамамен марапатталып тұрады. Сол игі шара биыл да жалғасын тауып, облыс, Республика көлемінде жоғарғы жетістіктерге жеткен 50 ұстаз Құрмет грамоталарымен және«Мерке» шипажайына жолдамалармен марапатталды.Жоғары жетістіктерге жеткен әлеуметтік серіктестер, Республикалық Математикалық регата конкурсында 1 орын алған облысымыздың жас ұстаз математиктері,бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары Құрмет грамоталарыменжәне сыйақылармен, барлығы 70-тен астам ұстазмарапатталды. Алға облыстық балалар үйінің түлегі Мүсірәлі Аманға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінде білім алуға 1773200 теңгенің сертификаты ұсынылды.
Облыстық Кәсіподақтар Орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қанатты әйел – 2017» конкурсына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гульнур Зарлықова қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-