Тарбағатай ауданында семинар өтті
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және білім ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеу мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қасенова Н.Б. мен осы ұйымның бас маманы, заңгер Соколов И.Н. Тарбағатай ауданында семинар өткізіп келді. Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен резервтегі кәсіподақ белсенділері қатысты.
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 27 б. 1 т. сай жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдар есептелетін объектінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленген. Осыған байланысты және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңы жан-жақты талқыланып, қызметкерлер арасындағы түсінбеушіліктерге нақты, толық жауап берілді. Бұл кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар отралығының міндетін атқарушы Садыкова А.Е. танысу сапарымен барып қайтты.
Дәл осындай оқыту семинарлары Өскемен қаласында және Шемонайха, Зырян аудандарында болып өтті.
12-17 маусым аралығында Зайсан қаласында Тарбағатай, Күршім, Зайсан аудандарының кәсіподақ белсенділері үшін кеңейтілген бағдарламамен бір апталық оқу «Кәсіподақ мектебі» өтеді. Бағдарламада көрсетілген еңбек заңнамалары және кәсіподақтық оқулармен қатар ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңдарына да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
-
Фотографии
-