Батыс Қазақстан облысында 10 маусым – Қазақстан Кәсіподақтарының күніне арналған салтанатты шаралар жалғасуда
2017 жылдың 10 маусым – Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аппарат қызметкерлері және кәсіподақ мүшелері «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, «Евразия» туристік – сауықтыру кешенінде өткізілген салтанатты шараға қатысты.
Кәсіби мерекеге байланысты шарада облысымыздың әр саласының кәсіподақтары арасында волейбол және шағын футболдан құрама командалары өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының шағын футболдан – ерлер құрама командасы І орын; волейбол – қыздар құрама командасы ІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді.
Салтанатты шарада облыстық филармонияның өнерпаздарының өнері тамашаланып, сала бойынша бірқатар кәсіподақ белсенділері марапатталды. Оның қатарында «кәсіподақ қозғалысын дамыту мен бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосқаны және кәсіподақ жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев марапатталды.
Табиғат аясында бұл мерекенің кең көлемде аталып өтуі кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ мүшелеріне көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, бүгінгі кәсіподақтың күші – бірлікте екенін тағы бір дәлелдегендей.
Батыс Қазақстан облыстық
кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-