САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОДАҚ КҮНІ
10 маусым - Қазақстан кәсіподақтар күніне орай Жамбыл облысы Сарысу аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты шараға бастауыш ұйым төрағалары мен төрайымдары қатысты. Мерекелік шара кәсіподақтар гимнімен басталды.
Іс шара барысында бастауыш ұйым көшбасшыларынан үш команда құрылып, конкурс ұйымдастырылды. Конкурс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрды. Алғашқысы, команданың аты, ұраны және амандасуы болса, екіншісі «Кәсіподақтар туралы аңыз» айтып, кәсіподақтардың қалыптасу тарихына саяхат жасау болды. Үшіншісі сұрақ-жауап және әріптестерге құттықтау дайындау мен соңғысы «Кәсіподақтар және ЭКСПО» тақырыбына ерекше сыйлық дайындау болды. Конкурс барысында бастауыш ұйым көшбасшылары өз білімдерін көрсетумен қатар, өздерінің білікті маман және шебер актер екенін көрсетті.
Қазы алқалары әр командаға әділ бағаларын бере отырып, сайыстың жеңімпазын анықтады. 1-орынды «Ақ қанаттар» командасы, 2-орынды «Астана» командасы, 3-орынды «Кәсіподақ» командасы иеленді. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.Сонымен қатар, іс шара барысында түрлі ойындар ойналып, ән айтылып, би жарыстары ұйымдастырылды. Іс шара соңы әдемі флеш-мобпен аяқталды.
Г.СУЛТАНБЕКОВА,Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің
кәсіподақ комитетінің төрайымы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фотографии
-