
ВОЛЕЙБОЛ – МЫҚТЫЛАР ЖАРЫСЫ
Талас ауданында Қазақстан кәсіподақтар күні мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына орай волейболдан кезекті аудандық жарыс ұйымдастырылды. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен жарысқа аудан ұстаздарынан құралған командалар бәсекеге түсті.
Жарыстың ашылуында құттықтау сөз айтқан аудандық комитет төрағасы Мадиярбек Миралиев еңбекшілерді мерекелерімен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
- Кәсіподақтар Федерациясының шешімімен 10 маусым – Қазақстан кәсіподақтарының күні болып белгіленген. Биылғы жылы төл мерекеміз «Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу қарсаңында аталып өтіледі. Облыс бойынша аудан ұстаздары алғашқылардың бірі болып Астанаға аттанады. 10 маусым күнін олар ел төрінде әлем жұртшылығымен бірге көрменің ашылуында болады. Бұл біздің жүрегімізге мақтаныш сезімін сеуіп, мерейімізді өсіре түседі. Әрқашанда тек алдыңғы қатардан көрінейік деген тілекпен бүгінгі жарысқа қатысуышларға да сәттілік тілеймін, - деді кәсіподақ төрағасы.
Мықтылардың ойыны – волейболодан болған тартысты жарыстың қорытындысы төмендегідей болды. Жарыс нәтижесінде «Қаратау-1» аймағының командасы (Б.Миразимов) І орынды, Ойық аймағының командасы (Ж.Қабылбеков) ІІ орын, «Қаратау-2» аймағының командасы (Б.Нұрбол) ІІІ орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары кәсіподақтың арнайы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.
Ардагер ойыншылар Р.Батаев пен Б.Миразимовтарға ерекше құрмет көрсетіліп, арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
ЕрланӘЛІҚҰЛОВ,ТАЛАС ауданы
-
Фотографии
-