
«Шабыт шеруі»
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында 2017 жылдың 1 маусым күні 2016-2017 оқу жылының қортындысы бойынша аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Шабыт шеруі» атты мәдени шара өтті.
Балаларды қорғау күні аясында өткен шараға аудан мектептерінің дарынды оқушылары және осы оқушылардың ұстаздары шақырылды. Шараға 215 ұстаз қатысты.Барлығына мақтау қағаздары ұсынылды және сый-сипаттар көрсетілді.