
«Ең үздік арнайы пән оқытушысы-2017»
2017 жылдың 18 мамырында «Қаржы академиясы» АҚ колледжі базасында Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Ең үздік арнайы пән оқытушысы-2017» қалалық байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: ТжКБ жүйесіндегі педагогикалық қызметкерлердің ғылыми-әдістемелік және педагогикалық қызметінің инновациялық тәжірибелерін тарату, кәсіби шеберліктерін және имиджін арттыру болды.
Қалалық байқау екі тур бойынша өткізілді. Бірінші сырттай өткізілген турда арнайы пәндердің 16 оқытушысы өз шығармашылық портфолиоларын ұсынды. Екінші көзбе-көз өткізілген турға 8 оқытушы жіберілді.
Байқаудың ІІ туры 4 тапсырмадан тұрды: «Мен және менің мамандығым» таныстыру карточкасы, қатысушы өз жұмысының қызықты тұстарын бейне материал арқылы көрсететін «Менің жетістікке жетуімнің сырлары», «Педагогикалық блиц-турнир», «Мамандық өмірінен...» жағдаяттардан шығу.
Байқаудың әділ қазылары: Астана қаласы Білм басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Басыгараева С.К., Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының эксперті Туребекова Ж., «Әділет» білім беру қызметкерлері қалалық кәсіподағының төрайымы Наурызбаева Б., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ инновациялық дамыту әдістемелік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Кусаинова А., әлеуметтік серіктес, Аstаnа Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компания» ЖШС кадр бөлімінің басшысы Чуйбекова Д., Білім беру існің үздігі, еңбек ардагеріАгибаева Г.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға политехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Абдраимова Г., екінші орынға ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мылтықбаева Ж., үшінші орынға Гуманитарлық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Кожахметова Р. ие болды.Колледж Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттауколледжінің оқытушысы Р.Мухангалиеваға «Кәсіби-педагог», медико-техникалық колледждің оқытушысы С.Копжасарға «Педагогикалық кәсібіне адалдық», техникалық колледж оқытушысы Д.Майкибаеваға «Педагогикалық дебют», Тынышпаев атындағы «Қазақ академиясы транспорт және коммуникация» АҚ колледжінің оқытушысы Б.Аймагамбетоваға «Шығармашыл-педагог», «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің оқытушысы А.Бустекбаеваға «Педагогикалық дарын» номинациялары берілді.
Жүлдегерлер Диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды.
-
Фотографии
-