Кәсіподақтар-тұрақтылық кепілі
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтықбілімін көтеру, олардың өзара тәжірибе алмасуынажағдай жасау - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Соған байланысты Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №110 мектеп-лицей базасында «Аудандық кәсіподақ комитетінің оқу-әдістемелік кабинеті» ашылды. Кабинеттің ашылуынаҚызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Байназарова Райкүл Мансұрқызы, аппарат қызметкерлері, Жаңақорған ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Оспанов Мейірхан Мүхтарұлы және қалалық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Мейірхан Мүхтарұлы өз сөзінде: «Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақтың негізі. Білім қызметкерлерінің мүдделерін жан-жақты қорғауда кәсіподақтың орны зор, себебі ол - қорған, сенімділік ортасы. Барлығымыз жұмылып сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз» деді.
Оқу-әдістемелік кабинетті таныстыру кезінде «Жаңақорған аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрағасы Сатершинов Елшібек Меңлібекұлы нормативтік- құқықтық актілеріне, кәсіподақтың ұйымдастыру жұмыстарына, үлгілі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құжаттарына арнайы тоқталып өтті.
Семинар соңында Р.Байназарова әлеуметтік әріптестікті дамытудағы кәсіподақ комитеттерінің рөлі, кәсіподақ ұйымын тиімді басқару, кәсіподақ жұмысының озық және тиімді тәжірибесін кеңейту, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру керек екендігіне тоқталып өтті.
Оқу-әдістемелік кабинеті мүшелік ұйымдарға кәсіподақ жұмысының барлық бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасарыЕскалиева Гүлнар Бабабекқызы
-
Фотографии
-