Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған XVII «Мұғалім – 2017» атты спартакиададан бірер сөз
Біздің елде спорт пен денешынықтыру мәдениетінің берік және дәстүрлі түрде кеңінен қамтылған. Жарыстар мен әртүрлі ойындар, дене шынықтыру жаттығуларының ұлттық түрлерінің өсуі мен сақталуын және олардың сақтаушысы халық болса, сол халықтың бір тобы – ұстаздар қауымы.
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында білім қызметкерлері арасында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі спартакиада өтті. Жыл сайын ұйымдастырылып отырған спорттықіс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтегі азаматтарды салауатты өмір салтына баулу, облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты арттыру болып табылады.
Жыл сайынғы өтетін Қорғалжын мектеп-гимназиясында осы жылы да 14 мектептен және аудандық білім бөлімінен ұстаздар командасы бас қосты.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, спартакиаданы ұйымдастырушы Н.Тәжин, аудандық білім бөлімінің бас маманы Елеуова Ж.А., балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Балмаганбетов А.С., спорт шебері және зейнеткер Карагожин Б. спартакиадада ұстаздарға сәттілік, ең мықты деген команда жеңіске жетсін деп ақ жол тіледі.
Спорттың 7 түрінен: атап айтсақ, дойбы, волейбол, шахмет, үстел теннисі, пневматикалық мылтық ату, «Городок» спорты және тоғызқұмалақтан білек сынамақ және осы ойындарды бақылап отыратын төрешілер таныстырылып өтті.
Өз мәресіне жеткен спартакиаданың жабылу салатанатында жүлдеге ие болған командалар мен белсенділік танытқан жеке тұлғалар марапатталды. Атап айтсақ: жалпыкомандалық I орынды - Кеңбидайық орта мектебі жеңіп алса; II орынды -Қорғалжын мектеп-гимназиясы қанжығасына байлады; III орынды екі мектеп, яғни Дружба орта мектебі мен Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі бөлісті. Жыл сайын тек жүлделі орындарға ие болып, белсенділік танытқан ұстаздарға да сый-сияпат ұсынылды. Әрине, спортшыларымызды ыстық тамақпен қамту және жол шығынын кәсіподақ ұйымы көтерді.
Әрбір ұйымдастырылған осындай іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімге шақырары сөзсіз. Ендеше елді елдікке, ерлікке шақырар іс-шаралар көп болғай.
Қорғалжын кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Тәжин
-
Фотографии
-